» » РАМАЗАН — АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ

РАМАЗАН — АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ

Жаратушы иеміздің мұсылманға міндет еткен бес парызының бірі – рамазан айында ораза тұту. Бұл ай­да адамзат баласына тура жолды нұсқаушы Құран Кәрім түсіріле бастаған.
Бұл жөнінде Бақара сүресінің 185-аятында: «Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Кімде-кім науқас болып, не жолсапарда жүрсе басқа күндерде санын толықтырсын. Алла Тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар», – деп атап көрсетілген.
Айтулы ай – Алланың ерекше ықыласы түскен, ізгі іс үшін сауабы мол он екі айдың ішіндегі қадірлі де қасиеттісі. Сол секілді Рамазан – Құранның, құлшылық пен кешірімнің, тәубе мен шүкірліктің де айы. Бұл айда нәпсі тізгінделіп, жүрек тазарады. Жүрек Алланың сүйіспеншілігіне бөленеді. Жаман әдет пен нәпсіден тыйылған ораза ұстаушының қате- күнәсі кешіріледі де, керісінше оның сабырлығы мен қайырымы күш алады. Таңнан кешке дейін ашығуды бастан кешірген жан  міскін, кедейге қол ұшын беру керегін түсінеді. Ораза ұстаушы бір ай ішіп-жеммен қатар, адамның сыртынан ғайбаттап, өтірік сөйлеу мен өсек айтудан шектелуі керек. Бір сөзбен айтқанда, адамға күнә болып саналатын сан түрлі істен жанын аулақ салуы тиіс. Өйткені, Рамазан айында шайтандар кісенделіп, адамдарды азғыру мүмкіндігінен айырылады. Сол себептен де мұндай мүмкіндікті мұсылманның қалт жібермегені дұрыс.
Жалпы, ораза – шамасы жеткен иісі мұсылманға міндет. Өмірлік дертке ұшыраған немесе қарттық басқан адамға ораза ұстау міндеттелмейді. Десе де, бір ай бойы адамды тамақтандыратын болса, онда ол адамның мойнынан ораза парызы түседі. Бұл тұрғысында Бақара сүресінің 184-аятында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай оразаға күші келмейтіндер, (кәрі немесе аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы» деп атап көрсетілсе,  Пайғамбарымыз: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: «Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалы өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан  да, оның қарамын (сауа­бын) Өзім беремін дегенді» айтқан.
Рамазан – қайырымдылықтың айы. Сондықтан да бұл айда барлық мұсылман пітір садақа беріп, Алладан медет тілейді. Ал пітір дегеніміз не? Оны кімдер береді немесе кімдер одан босатылады?
– Пітір садақа – қарыздан азат, ақыл есі дұрыс, бүкіл мұсыл­манға міндеттелген. Мұны Пайғам­ба­ры­мыз оразаның аяқталуына ор­ай айтқан: «Жас бала болсын, кәмелетке келген болсын әрбір адам кедейлерге жарты бидай немесе бір тары немесе арпа таратып берсін», – деген сөзіне негізделген.
Барлық адам пітірді өзінің жас балалары үшін төлеуге міндетті. Себебі, ол баласының қамқоршысы әрі оларды асырап-бағушы. Сол себептен де осы жас балалардың мойнындағы садақа беру міндеті олардың әкесінің немесе оның орнындағы жанның міндеті. Биыл пітір садақа адам басына 300 теңге көлемінде болып бекітілді, – дейді «Ораз ахун» мешітінің имамы Н.Рахметуллаев.
Қасиетті айда Тарауих намазы оқылады. Бұл Алла Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыздың намаз сүн­неті. Бұл – орайда, Пайғам­барымыз: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болады», – деген хадисінде. Бұл – бекітілген сүннет. Сол сияқты сүйікті Пайғамбарымыз әрдайым істеген, сондай-ақ істеңдер деп өсиет еткен амалының бірі. Аталған намаз халифтер дәуірінен бастап оқылуда. Үстіміздегі жылы рамазан айы мамырдың 6-сынан басталып, маусымның 4-не дейін жалғасады және Қадір түні мамырдың 31-інен маусымның 1-іне қараған түні.
Айлардың сұлтаны – Рамазан айына санаулы күндер қалды. Қасиетті айда ұстайтын ораза баршамызға қайырлы, құтты болсын. Жасалынатын құлшылық,  ғибадатымызды Алла Тағала қабыл етсін!
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
04 мамыр 2019 ж. 2 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031