» » ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ

Ислам дінінде отбасына ерекше мән беріледі. Бұл жайында Құранда да, Алла Елшісінің көптеген хадисінде де айтылып, адамдарды үйленіп, үй болуға үндейді. Өйткені, ата-бабамыз өсиет еткендей, отбасы – пенденің бақыт табатын ортасы, ұрпақ жалғасуына себеп болатын және түрлі жаман әдет-құлықтан қақпайлайтын, қорғайтын алтын қазығы. Құран Кәрімде әйел мен еркектің жақсы амалдарда, оның нәтижесі – ақыреттегі сыйда бір-біріне тең екенін, сонымен қатар перзенттің әке-шешесі алдындағы борышын ескертеді.
«Сендер үшін Алла өз нәсілде­ріңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көрдіңдер. Сендерге ризық етіп алуан түрлі шырынды жеміс өсірді. Сонда да болса олардың өтірікке бой ұрып, Алла берген игілікке күпірлік ететіндері қалай? Сендерге, Алла тек өзіне ғана бой ұсынуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі немесе екеуі бірдей қартайып қалса, «түһ» деуші болмаңдар, зекіп ұрыспаңдар. Екеуіне де ізетті болыңдар. Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілмен бас иіңдер. Алла олар мені бала кезімде қалай мәпелеп өсірсе, Сен де оларға сондай рақымшылық ете гөр!», – деп айт». Осы аяттың тәпсі­рін жасаған Сәйид Кутуб ата-анасын қатты қадірлеген. Ата-ана турасында Хафыз Әбу Бәкірдің мына бір риуаятын келтіре кетейік: «Бір адам қажылық кезінде анасын арқалап алып Қағбаны тауап етеді. Бір кезде хазіреті Пайғамбардан: «Ана сүтін ақтай алдым ба» деп сұрайды. Сонда Ұлық Пайғамбар: «Анаңның жүкті болған кезінде алған бір тынысының да ақысын өтей алмадың», – деп жауап береді». Міне, ана алдындағы борыштың өтемі қандай?
Ислам дінінде отбасын бас­қа­ру – әкеге жүктеледі. Бала-ша­­­ға­ны асырау да әке мойнында. Сонау заманда-ақ «Әйелдің тап­қаны босағада қалады» деп, ер аза­мат­тың тапқанын берекеге балаған қа­зақ атамыз қай нәрсенің де байы­бы­на бара білген. «Еркек – бас, әйел – мойын» деп, – ерлер­дің әйел алдында үстемдігі бар екені аятта анық айтылады. Мұ­ны Алла Тағала: «Дегенмен, ер­кек­тер әйелдерден бір саты жоғары үстемдікке ие. Осының бәрі Алланың құдіреті, да­ныш­пандығы арқылы орындалып жа­тады», – деп білдірген. Сөйтіп, Раб­бымыз Құран мен ардақты Пай­ғамбарымыздың сүннеті арқы­лы отбасы өмірін сақтау, әйел мен ер­дің орнын айқындап көрсетіп бер­ді. Соның негізінде адамзат баласы бұ­рынғыдай жаман әдет пен ғұрыптан тыйы­лып, жамандық атаулыдан таза, белгілі бір тәртіпке бағынатын абыройлы отбасы тү­зілді.
Тарихта жаһилия кезеңінде әйел­­­­дің қоғамда ешбір орны жоқ еді. Оларға тек қана қараңғылық, на­дақтық аты тән болатын. Хазірет Омар (р.а) бұл туралы: «Алланың атымен ант етейін, біз жаһилия кезеңінде, былайша айтқанда Алла­ның діні келгенше әйелдерді адам деп санамайтын едік», – деп баяндайды. Содан бері де Ислам діні өркениет жайып, әйелдің қоғамдағы ор­ны мен құқықтары белгіленді. Нә­зікжандылардың құқығы мен орны­на құрметпен қараған – әлем­дердің рақым нұры сүйікті Пайғамбары­мыз: «Әйелдеріңіздің сіздерде, сіздердің әйел­деріңізде хақтарыңыз бар», – деп таразы басын теңестіріп, адамзатқа өшпес із қалдырды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
24 тамыз 2018 ж. 3 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031