» » ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – АЛЛА СҮЙМЕЙТІН ІС

ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ – АЛЛА СҮЙМЕЙТІН ІС

Қазақ халқының салт-дәстүрі сан ғасыр бойы қалыптасып, ұр­пақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Оның ішінде, шариғат заңдылығы – ұлты­мызды мейірімділікке, тәртіп­ке, ынтымаққа үндеді. Ықылым заманнан береке мен бірлікті бас­ты бағыты еткен еліміз – «тарта же­сең – тай қалады, қоя жесең – қой қалады, қоймай жесең – нең қалады» деп үнемшілдікті насихаттаса, ысырапшылдықты – Алла сүймейтін іске балаған.
Расымен де, ысырапшылдық – тірнектеп жиған дүниені орынсыз шашып, бардың бағасын білдірмейтін қауіпті кесел. Алла Тағала құлдарын мейірім, рақымымен сан алуан нығметіне бөлеген. Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік, сынды нығметтерін Ұлы Жаратушының пендесіне берген шексіз сыйы. Ал, адамзат баласы сол берілгенді – жөнімен қолданып, астамшылық көрсетпей пайдалануы керек. Себебі, берілген дүние-мүлік – тіршілік сәні. Құранда: «...Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – деп берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, ысырап жасамауымызды ескертеді. Бұл жайында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде де: «Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киіңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер», – дейді. Мұнан ұққанымыздай, Алланың берген нығметінен ішіңдер, жеңдер, сонымен бірге дәулет артып жатса, жағдайы жоқ кедей-кепшікке, жетім-жесірге, медресеге, мешіт, балабақша, аурухана тәрізді орынға жұмсау – зор сауап. Ысырапшылдық – артық шығынға жол беру. Мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытында дұрыс қолданбауды білдіреді. Ысырапшыл адам нығметке қанағатсыздық танытады, Ішіп-жей берсем дейді. Болғанның үстіне бола түссін деген тоғышар ойда болады. Ысырапшылдыққа бармау үшін адам үнемшіл болуы қажет. Құранда: «Ысырап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал, шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші» (Исра, 27) – деп, ысырап етудің күнә екенін, тіпті кісіні шайтанға бауыр ететін жағымсыз іс деп біледі.
Қазір нарықтың уақыты. Кәсіпкер де, кәсібін енді ашушы да жетерлік. Шаруасын дөңгелетіп, алға әкеткендер – бар жиғанын тойға шашып жатса таңданбаймыз. Жақында әлеуметтік желіде ұзытылған қыздың киімі көрсетілді. Төрт құндыз шапан, көйлегі мен аяқ киімі, сөмкесі 3-4 сандық. Бұл не, мақтаныш па? Ысырапшылдық па? Ертең жағдайы төмен, мүмкіндігі келмейтін отбасының бір қызы ата-анасына «маған да осындай киім алыңдар» демесіне кім кепіл? Мектеп бітірушілердің жылда 20, 30, 40, 50 жылдық кездесулері өтеді. Онда марқұм болғандарға Құран оқытылып, игі істер жасалады. Ұсынысым – шара аясында мектептегі көп балалы отбасы, ата-анасыз қалған балаларға да көмек қолы созылса. Ішіп-жеу күнде бола береді. Ал, сауапты іс қылудың – қайырымы көп. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, тамақтануда болсын, баспана салуда болсын асып-таспайық. Сіз, біз болып, болашақ ұрпақты дұрыс иман, дұрыс жолда және дұрыс Таухид сенімде тәрбиелейік. Жаратқан иеміз баршамызға хидаятты өмір, көркем мінез берсін. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын.
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
«Ораз ахун» мешітінің имамы.
23 тамыз 2018 ж. 3 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031