» » АУАДА ҚАЛҚЫП ТҰРҒАН ТАС...

АУАДА ҚАЛҚЫП ТҰРҒАН ТАС...

         

   Исламдағы үшінші қасиетті орын – әл-Ақса мешіті. Бұл мешіт ислам дінімен, Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан, әл-Ақса мешітінің орны айрықша. Ол – тарихи, мәдени, діни сәулет өнерінің мұрасы ғана емес, киелі орын.
  Әлемдегі ең ежелгі қала болумен қатар, пайғамбарлар мекені. Палестина жеріндегі Құдыс қаласында бірталай пайғамбарлар өмір сүрген және қайтыс болған соң сонда жерленген қасиетті мекен. Мәселен, Ибраһим, Ысқақ, Жақып, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Иса секілді пайғамбарлар осында жатыр.
Тарихи деректер бойынша Құдыс қаласындағы мешітті Адам Меккені салғаннан кейін он жыл өткен соң өз қолымен салған делінген.
Екінші рет Ысқақ пайғамбардың баласы Жақып салған.
Жақып көрген түс туралы әңгіме де ерекше. Ол нағашыларына келе жатқанда жолда бір төбеге түнейді. Басына үлкен тас жастанып жатады. Тастан көтерілген нұр аспанға дейін созылып, ол нұрдың бойымен періштелер жоғары-төмен қанат қағып түсіп жатады. Бұған қоса, Алла Тағала тарапынан ерекше дауыс естиді. «Ей, Жақып, сен бұл жерге құлшылық орнын салсаң саған да, сенің ұрпағыңа да береке беремін» дейді.
Үшінші рет қасиетті мешітті Дәуіт баласы Сүлеймен жындарға салдырған. Алла Тағала Сүлейменге көптеген қасиеттер берген. Ол барлық әлемнің патшасы болған деседі. Құстың да, жан-жануарлардың да, жәндіктердің де тілін білген екен. Сүлейменге адамдар, жындар, әлемдегі барлық тіршілік иелері бағынған. Тіпті, желдің өзі сол пайғамбарға бағынып, тағына отырса болды, апар деген жеріне көтеріп, ұшырып апаратын болған.
Құдыс мұсылмандардың да, христиандардың да киелі орны. Қалада Иса пайғамбардың кіндік қаны тамған ғимарат бар. Ғимаратқа кірер есік өте тар және қабырғадан ойылып жасалған. Өйткені, шапқыншылардың емін-еркін кіріп кетпеуі үшін солай етілген дейді. Ішкі көрінісі сол заманда қалай салынса сол қалпында сақталған.
Алтын мұнаралы мешіттің ортасында орналасқан үлкен тас бар. Мұхаммед пайғамбарымыз қасиетті Ережеп айының 27-ші миғраж түні жеті қат көкке осы тастың үстінен көтерілген екен. Сонда бұл тас ауаға бірге көтеріліп, қайта орнына түскен деседі. Сондықтан, бұл киелі тасты «Куббатус Сахра» – «тас күмбез» деп атаған. Көпшілік жұрт әлі күнге дейін бұл тас ауада қалқып тұр деп есептейді.
Пайғамбарымыздың хадисінде: «Кімде-кім бұл дүниеде жәннаттың тасын көргісі келсе, Сахраға қарасын», – деген екен.
09 шілде 2018 ж. 5 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 041

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031