» » ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

ҚҰРБАН АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Тәуелсіздіктің теңдессіз табысының бірі – асыл діні­міз­дің араға 73 жыл салып қайта оралуы еді. Дінімізбен қатар діни әдет-ғұрпымыз да жанданып, мерекелеріміз жаңғыра түсті. Соның бірі – ұлық мерекеміз Құрбан айт 21-тамызда басталып, діни мереке үш күнге созылады. Исі мұсылман үшін Ұлық мейрамның мән-мағынасы қандай? Оны қалай атап өткен жөн? Құрбандық шалудың тәртібі бар ма?
Бірінші, мерекенің мән-мағынасына тоқталып өтсек, Ислам дініндегі мерекенің барлығы да – адам баласын татулық пен бірлікке, ынтымақ пен сыйластыққа, кешірім мен ымырашылдыққа шақырады. Құрбан айт мерекесінде де дүйім жұрт бір-біріне ізгі тілектер тілеп, ренжіткен жері болса, кешірісетін күн. Айтта сауапты істер арқылы жүректі тазартып, күллі мұсылман Жаратушыға жақындай түседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жайында: «Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) басқа абзал амал арқылы Алла Тағалаға жақындау болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла Тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар», – деп құрбандық шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін атап айтады. Айт мерекесі жалпы қалай аталып өтіледі? Мейрамның алғашқы күнінде мұсылман қауымы денені толықтай жуып, таза киім киіп, мешітке айт намазына қатысады. Қажылық өтеушілер қасиетті Қағбаға жүзін қаратып дұға оқиды. Өлі әруаққа арнап Құран бағыштайды. Айт намазынан соң Алла разылығы үшін мал шалынып, бата беріледі. Ағайын-туыс бір-біріне қыдырыстап құтты болсын айтысады. Айт күнінің басты қағидасының бірі – өкпелегендер болса татуласып, кешіріскендері абзал. Айтта көтеріңкі көңіл-күйде, мейірімді болған жөн. Науқастанған жанның көңілін сұрасып, жоқ-жітікке көмек қолын созу – сауапты істің қатарынан. Сондай-ақ ата-ана, дос-бауыр, жора-жолдас, көрші-көлемге аз да болса сый-сияпат жасап, мән берген жақсы. Осындай жолдармен хақ дініміз Ислам – адам баласын бір-бірінен алыстатпай, керісінше жақындата түседі.
Айтта шариғат бойынша барша мұсылманға ортақ ғибадат – құрбандық рәсімі жасалады. Құрбандық – құрбан айт күндерінде шалынатын мал. Құрбандық шалу – тек мал бауыздаумен шектелмейді. Мұнда адамның дінге деген ықыласы, адамның ішкі ниет-пейілі таразыланады. Сонымен қоса пенденің жомарттығы, сараңдығы мен қолының ашықтығы да сезіледі. Құрбандыққа кез келген мал жарамайды. Оның өзіндік тәртібі мен талап-шарты бар.
– Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малы жарамды. Сондай-ақ қой мен ешкі кем дегенде бір жасар болуы тиіс. Десе де, алты айлық қозы бір жасар қой секілді ірі, қоңды болса құрбандыққа жарайды. Ешкі бір жасқа, сиыр екі жасқа, түйе бес жасқа толған болуы керек. Малдың дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы шарт. Егер құрбандыққа шалынар малдың екі немесе бір көзі соқыр болса, бауыздалатын жерге дейін жүріп бара алмайтындай көтерем және екі не бір құлағының басым бөлігі болмауы, тістері түгелдей не бір бөлігі түсіп қалған, қос мүйізі не бір мүйізі түбінен сынған, жетекке көнбейтіндей асау болса – жарамсыз саналады. Қой мен ешкіні тек бір адам, ал түйе мен сиырды бір кісіден жеті кісіге дейін бірігіп соя алады. Шариғатта 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, ақыл-есі дұрыс, бас бостандықтағы, жол сапарда емес мұсылманға құрбан шалуға рұқсат етіледі. Құрбандыққа шамасы жоқ мұсылман ниеттері арқылы сауапқа кенеле алады, – дейді ауданның бас имамы Асхат Жарқынбеков.
Құрбандық шалушы өзінің құрбандығының етін жеуіне болады. Малдың етін үшке бөліп тарату да жақсы амал есептеледі. Бір бөлігі – мұқтаж адамдарға, екінші бөлігі – мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі – өзінің отбасы мен бала-шағасына тиесілі.
ТҮЙІН
Бүгінде Қазақстан – достық пен ынтымақтың айнымас ордасына айналды. Халқының басым бөлігін мұсылман дінін ұстаушылар құрайды. Бірлік пен бейбітшіліктің асыл арқауы болған Қазақ елінің мызғымас ұлттар достығын одан әрі бекіте түсуде – Ұлық мерекенің орны айрықша. Айт күнгі тілек-ниеттеріңіз бен шалған құрбандарыңыз қабыл болсын. Мереке әр отбасына жылылық, бақыт пен береке әкелсін!
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
22 тамыз 2018 ж. 2 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031