» » ҚАРМАҚШЫДА «АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА «АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ


Бүгін «Руханият» орталығында 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі» кең көлемде аталып өтті. Іс-шара ардагерлер мен әйел-аналар кеңесінің қатысуымен ұйымдастырылған тал егу акциясымен басталды. Көктемнің лебін сездіріп, бірлік пен жаңару идеясын дәріптейтін игі бастамаға жиналған көпшілік ерекше ықыласпен атсалысты.

Мерекелік шараның шымылдығы жарапазан жырымен түріліп, ұлттық дәстүрді айшықтаған қойылым ұсынылды. Көпшілікті береке мен сыйластыққа үндейтін бұл мейрамда жиналған жұрт бір-біріне амандық-саулық тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, Амал мейрамының тарихына тоқталып, оның ел бірлігі мен ынтымағын нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген Наурыз мейрамын жаңаша атап өтудің тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі ұйымдастырылатынын жеткізді.

Шара барысында қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар арқан тартыс, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты сайыстарда өз бақтарын сынады. Қолөнер және сурет көрмелері қойылып, келген қонақтар халқымыздың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, келген қонақтарға наурыз көже, шұбат, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар ұсынылды. Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Наурызнама онкүндігі аясында алдағы күндері түрлі мәдени-спорттық және рухани шаралар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер кеңінен дәріптелетін болады.

14 наурыз 2025 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930