Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ


Энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ауданымызда салтанатты шара ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов қатысып, сала қызметкерлерінің аудан дамуына қосып отырған үлесін атап өтті:

Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін үздіксіз жарықпен қамтамасыз етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Ауданымызда соңғы жылдары «Елді мекендерді электр желісімен қамтамасыз ету» бағыты аясында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Ақтөбе және Көмекбаев ауылдарында электр желілерін салу және жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Ал биыл Иіркөл ауылында 226,1 млн теңгеге, Дүр Оңғар ауылында 636,7 млн теңгеге осы бағыттағы жұмыстар жүргізілді. Бұл- аудан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, елді мекендердің дамуына бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі,- деді өз сөзінде.

Сондай-ақ сала ардагері Ануар Дембаев құттықтау лебізін білдіріп, әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді.

Мерекелік жиында энергетика саласында қажырлы еңбек етіп, өз қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының ән шашуымен жалғасып, мерекелік бағдарламаға ұласты.

Сонымен қатар Төретамның мерейлі мереке иелері де жемісті қызметтеріне орай марапатталып, арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, қазір электр желілерінің тозу деңгейі 80 пайыздан 60 пайызға дейін төмендеп отыр. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында ІІІ Интернационал, Ақжар, Қуаңдария, Қармақшы және Алдашбай ахун ауылдары бойынша жобалар әзірленуде.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 желтоқсан 2025 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031