» » «РУХ КЕРУЕНІ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«РУХ КЕРУЕНІ» КЕШЕНДІ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Рух керуені» кешенді жобасы өз мәресіне жетті.

Өңірдегі рухани-мәдени кеңістікті дамытуға, аудандық Руханият орталықтарының жұмысын жандандыруға және сала мамандарының кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған жоба қорытындыланып, үздік көрсеткішке ие болған қатысушылар марапатталды.

Жоба нәтижесінде Қармақшы аудандық Руханият орталығы ақпараттық-коммуникациялық жұмыстарды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және заманауи медиа құралдарын тиімді пайдалану бағытындағы жетістіктері үшін «Креатив пен контент үйлесімі» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, жобаның кең көлемде насихатталуына қосқан үлесі үшін Қармақшы аудандық Руханият орталығының әдіскері Жанар Болысбекқызы Алғыс хатпен марапатталды.

Бұл марапат – Қармақшы аудандық Руханият орталығы ұжымының бірлескен еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, жаңа бастамалар мен заманауи тәсілдерді тиімді жүзеге асыруға деген ұмтылысының жемісі. Барша әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

26 маусым 2026 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930