» » Рухани орталық – руханияттың өзегі

Рухани орталық – руханияттың өзегі




Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясында Қармақшы топырағына табан тіреген қонақтар ауданның мәдени тіршілігінің ордасы — «Руханият» орталығында болды.

Кешен қызметімен танысу барысында қонақтар ауданымыздың терең тарихы мен ұлт руханиятына қатысты құнды жәдігерлері бар музей мен архив, оқырманға арналған түрлі тақырыптағы кітаптар қамтылған аудандық кітапхана, жас буынның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған жастар ресурстық орталығы, ұлттық тәрбие сабақтастығы үйлесім тапқан ардагерлер кеңесі, сондай-ақ аналар үйі мен неке қию залының жұмысын көріп, орталықтың көп қызметті құрылымына оң бағасын берді.

«Руханият жылы» аясында бой көтерген бұл кешен — рухани жаңғырудың нақты көрінісі. Қазіргі таңда орталық тұрғындар мен қонақтарға мәдени-ағартушылық, тәрбиелік әрі әлеуметтік бағытта кең көлемде қызмет көрсетіп келеді.
10 қазан 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30