» » «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ - 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ - 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Жаңақорған аудандық «Руханият» орталығында «Үздік музей қызметкері — 2025» облыстық байқауы өтті.

Аталмыш шараның мақсаты - музей саласы мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау барысында музей қызметкерлері өздерінің кәсіби білімін, жинақтаған тәжірибесін, жаңашыл көзқарастары мен шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырып, саладағы үздік тәжірибелерді ортаға салды. Бұл шара музей ісін дамытуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны насихаттауға зор ықпал етті.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША: «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ — 2025» марапаты Әжікенов Әкімжан Ержанұлына (Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері) музей ісіндегі жоғары кәсіби біліктілігі, ғылыми-зерттеу бағытындағы жүйелі еңбегі және тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ: «Шынайы шедевр» номинациясы Ерболқызы Жұлдызға (Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің қор сақтаушысы) музей қорын сақтау мен экспозицияларды мазмұнды әрі сапалы ұсынудағы жауапкершілігі үшін берілді.

«Зерттеу ісінің үздігі» номинациясы Бақтыбаев Әзірбек Ілиясбекұлына (Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері)
өлкетану саласындағы ғылыми ізденістері мен тың деректерді ғылыми айналымға енгізудегі белсенділігі үшін табысталды.

«Креативті маман» номинациясы Алиханова Эльмира Сабырханқызына (Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы)
музей қызметін жаңаша форматта дамытуға бағытталған шығармашылық бастамалары үшін берілді.

Байқау қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен номинация иегерлері ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Музей саласындағы қажырлы еңбектеріңіз ел руханиятын байытып, шығармашылық табыстарыңыз толастамасын!

19 желтоқсан 2025 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031