» » «Үздік ғылыми қызметкер – 2021»

«Үздік ғылыми қызметкер – 2021»


МУЗЕЙ ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ КӨЗ АЛДЫМЫЗДА БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚТЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА, РУХАНИ, МӘДЕНИ ҚАЛЫПТАСУҒА ТӘРБИЕЛЕЙТІН ОРЫН. БОЛАШАҚ АЛДЫНДА АРҚАЛАҒАН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ. ОСЫ РЕТТЕ МУЗЕЙДЕГІ ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ҚОНАҚТАРҒА ТАНЫСТЫРЫП, ОЛАРҒА БАС-КӨЗ БОЛЫП, ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН ЖӘДІГЕРДІ ҚЫЗҒЫШТАЙ ҚОРИТЫН МАМАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ. ОЛАР ТЕК ЖОЛ БАСТАУ­ШЫЛАР ҒАНА ЕМЕС, ТАРИХТЫҢ ӨШПЕС МҰРАЛАРЫН САҚТАУШЫЛАР.
Аудандағы тарихи-өлкетану музейінде де жұмыс жүйелі жүргізіледі. Тіпті демалыс күндері де арнайы кезекшілік қойылып, келушілер тарих қойнауына көз жүгірте алады. Қонақтарға қызмет көрсететін мамандар да әркез дайын. Жуырда осында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай музей қызметкерлері арасында «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» байқауы өтті. Басты мақсаты – өзіндік ерекшелігі бар шығармашыл қызметкерлерді анықтау және қолдау, қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, ұлттық дәстүрді жаңғырту, дамыту, насихаттау, музей мамандығының рөлін арттыру, бірыңғай мәдени кеңістікті дамыту, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Аталған байқауға аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, өлкетанушы, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Шегебай Құндақбаев, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Гүлжан Сәдуақасова және музей қызметкерлері, тарихшылар қатысты.
Ал байқауда Қызылорда қаласы мен аудандарынан 11 ғылыми қызметкер бақ сынады. Олар өз біліктіліктерін көрсетіп, музей қызметі жайында кеңінен тоқталды. Сайыстың алғашқы кезеңі 20-25 қараша аралығында онлайн форматта өткізілген. Онда әрбір қатысушы өз жұмысымен таныстыратын бейнежазба немесе 30 беттен тұратын слайд жасаған. Ал екінші кезеңі офлайн форматта жалғасты. Мұнда сайысқа түсушілер өздері ұсынған музейлік жобаларын қорғады. Байқау одан кейін «Тарих», «Тағылым», «Таным» атты интеллектуалдық сайыспен өрбіді. Қатысушылар тарихи сұрақтарға жауап беріп, бұл сыннан да сүрінбей өтті.
Нәтижесінде әділ-қазылар алқасының шешімімен Арал аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Гүлнар Каримолдақызы «Үздік ғылыми қызметкер» болып танылды. Осы ретте, аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері үздіктер қатарынан көрініп Әзірбек Бақтыбаев «Өз ісінің шебері» атанды. Ал Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Гүлжанар Оразалиева «Үздік музейлік жоба» номинациясын иеленсе, Балықшылар музейінің ғылыми қызметкері Айбек Есмағанбетов «Музей жанашыры» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
14 желтоқсан 2021 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 229

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 334

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930