» » Бәбіш-Мола кешеніндегі археологиялық қазба жұмысы

Бәбіш-Мола кешеніндегі археологиялық қазба жұмысы

Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен жыл сайынғы жүргізілетін Шірік-Рабат археологиялық экспедициясының археологиялық қазба жұмыстары Қармақшы ауданы аумағында орналасқан б.з.д IV-II ғасырлармен мерзімделетін ежелгі Бәбіш-Мола кешенінде биылғы жылыда өз жалғасын тапты. Қазба жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында жүргізілді. Шірік-Рабат археологиялық экспедициясының топ басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институттың аға ғылыми қызметкері - Ж.Утебаев.
Қазба жұмысы барысында Көзешілер ауылынан шеберханалар, астық сақтау орындары ашылып және барлау жұмыстары жүргізілді. Барлау жұмысының нәтижесінде ерте темір дәуіріне жататын қоныстар, жерлеу орындары мен қола дәуіріне жататын үш обаның орындары анықталды.
Қазба жұмысының мақсаты: табылған көне жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұра ретінде сақтап, көпшілікке насихаттау.
Сонымен қатар қазба жұмысының құрамында Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институттың ғылыми қызметкерлері, магистрант, бакалавр студенттері, Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті Көмекбаев ауылының тұрғындары мен Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Ә.Бақтыбаевтар болды.
20 маусым 2021 ж. 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930