БЕСТАМ ОБАСЫ

Бестам обасы б.з.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысына жататын археологиялық ескерткіш. Қармақшы ауданы Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 119 шақырым, Шірік-Рабат қалашығынан оңтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде Жаңадария өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Бұл нысанды 1957 жылы С.Толстовтың жетекшілігімен Хорезм экспедициясы анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2006 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының «Шірік-Рабат» археологиялық экспедициясы Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және фотосуретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 2013 жылы «Тараз» ЖШС археологиялық ғылыми орталығы зерттеген.
Бестам обасы шағын табиғи төбенің басында орналасқан. Ол төбе бетіндегі ұсақ тастармен үйілген. Оба биіктігі 4 м., диаметрі 72 м. Оба ежелгі уақытта тоналған, оған ортасындағы пішіні төртбұрышты шұңқыр дәлел бола алады. Осындай ұрылардан қалған шұңқырдың пішіні жерлеу камерасының пішініне байланысты болуы мүмкін. Шұңқырдың тереңдігі 2 м. Обаның шығысы мен солтүстігінде оба үйіндісінен қазылып алынған топырақ орнынан ор мен жал ізі байқалады.
Ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектісі тізіміне алынып, ескерткіштің төлқұжаты дайындалып, мемлекеттің қорғауында екені жазылған қорғау тақтасы орнатылды.
Айдынбек Айтбайұлы,
өлкетанушы.
03 қыркүйек 2018 ж. 1 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031