» » Үздік музей қызметкері анықталды

Үздік музей қызметкері анықталды


Үстіміздегі жылы 20 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде музей қызметкерлері арасында «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ – 2023» байқауы болып өтті.
Аталмыш шараға Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Жамалатов Еркебұлан, ҚР Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Болатбек Нұржанұлы және музей қызметкерлері, тарихшылар қатысты.
Байқауға барлық деңгейдегі музей қызметкерлері қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша барлық сынақтан сүрінбей өтіп, қазылар алқасының шешімімен Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Серәлі Әлібек «Үздік музей қызметкері» болып танылды.
Сондай-ақ, байқау ережесі бойынша жарияланған номинациялар бойынша Ақмешіт музейінің ғылыми қызметкері Әубәкір Гүлзира "Жәдігер жанашыры", Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Тоқтаров Ерсін «Экспедиция сардары», «Балықшылар» музейінің экскурсоводы Аблезова Тұмар «Музей мұзарты» болып үздіктер қатарынан көрінді.
Байқауға қатысушылар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

21 желтоқсан 2023 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 327
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 850

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930