» » ҰМЫТ ҚАЛҒАН ПЫШАҚТЫ-ҚАМШЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

ҰМЫТ ҚАЛҒАН ПЫШАҚТЫ-ҚАМШЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Қамшы – қазақ халқының байырғы кездегі шаруашылық, мәдени өмірінде аса кең тараған, таспадан әртүрлі нұсқада түйіп, тобылғы немесе басқа затқа саптап жасаған ежелгі ат айдауыш құралдарының бірі, ер-тұрманның бір құрамы.
Қамшының құрылымы жағынан тарихи-тілдік, фольклорлық, әдеби еңбектердегі мәліметтер бойынша жинақталған, ауызекі деректер қамшының құрылымын толығырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі қорында ұмыт қалған пышақты-қамшы қайта жаңғырып, облыстық музей басшысының қолдауымен музей қорын толықтыру үшін жаңартылған нұсқасы арнайы жасатылды.
«Пышақты қамшы» – қазақтың дәстүрлі қолөнерінде ерекше жасалған, сабының ішіне пышақ (кездік) жасырылатын қамшы түрі. Оны ертеде жаушылар мен барымташылар қару ретінде жасырын ұстауға қолданған. Қамшының ұзындығы – 104 см, сабының ұзындығы – 3 см, өрімі – 55 см, пышақтың ұзындығы – 25 см.
Қамшы бірнеше бөліктерден тұрады: өрім, сап, бас, дүм, бүлдірге, орам, кежеге, шежемей, айдар, ойнақ, бүркеншек, бунақ, бауыр, шашақ, өзек, түйін, шығыршық, топша және түйнек. Қанша өріммен өрілетіні белгіленгеннен кейін, қайыстан тиісті өрімнің талшықтарын арнаулы пышақпен немесе ұстарамен кесіп алады. Алты өрімнің шетін біркелкі етіп кесіп алғаннан кейін оның қалыңдығы да біркелкі болады, жуан жерлерін тегістеп, қырларын өңдегеннен кейін өруге кіріседі. Қамшының өрімі жіңішке, 8 өрімді етіп ортасына қайыс салып өреді бұл сабынан бір жарым еседей ұзын, бас жағы түйінделген және ашық түсті былғарыдан жасалған. Қамшының өрімімен сабын бекіту үшін алақан дайындап алып, бас жағына 6-7 қатар шашақ (кекілдік) шығарады. Алақанның шашағынан (кекілдік) төмен бір тілік және жан-жағына бес-бестен он тілік тастайды. Жоғарғы жағындағы бір тілімнен өрімді қайысынан тартып алақанға бекітіп тілше (алақаннан бауырдаққа қарама-қарсы жағының жұқа қайыстан «тілдей етіп» қабаттап салған кішкене бөлігі) салады. Алақанның жан-жағы қара түсті былғарымен жіңішке етіліп тігіледі. Қамшы сабының ортасы қуыс, кездікті пышақты алып-салатын сұғынбалы екі бөліктен тұратын сапты қамшы. Пышақ болат темірден соғылған. Сапты тобылғыдан, шамшат немесе емен, тағы басқа қызыл ағаштардан, ағаш станогында жонып, арнаулы қамшы сабын дайындайды. Мысалы, тобылғы-асыл таудың беткейінде өсетін ағаш. Оны шеберлер күзге таман жинайды. Тобылғы қисықтау болса, оны түзу затқа мықтап қосақтап байлап, бірге іліп қояды. Әбден кепкен кезде шебер оның сыртын қойдың құйрық майымен ысқылағанда, қоңыр түсі, қою қызыл түске өзгереді де, әдемі өң береді. Сабы бекем болу үшін, бас жағын тесіп саңылау салып, алақанның жанжағындағы он тілікке қайыспен тартып, айналдыра орап шығады. Сабының бас жағына және соңына темірден жасалған сақина салынады.
Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: сүндет қамшы, бәйге қамшы, көкпар қамшы, дойыр қамшы, неке қамшы, үйір қамшы, ноғай қамшы, баптау қамшы, аңшы қамшы, барымта қамшы.
Қазақтың салт-дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, ережелері болады. Мұны да білген жөн. Қамшы әрдайым оң қолға ұсталу керек. Жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп танылған. Сондай-ақ жөн, жол көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқайтын болған.
Ұмыт қалған бұйымды Сыр елінің тумасы, елге белгілі ұсташебер Бекзат Жақыпов жону, таспалау, өру техникасымен жасаған. Қазіргі таңда тұсаукесер әшекейі аудандық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясына қойылып, халық назарына ұсынылып отыр.
Ғалия ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы
17 маусым 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930