Кәрі қамшы

Сұрақ қояйыншы... Сіз қамшы ұстап жүрсіз бе? Ал енді төте жауап "Астымда атым жоқ оны қайтем?" дерсіз. Иә, оны менде мойындаймын. Жалпы мойындаған да дұрыс. Ауылдан алыстап қалаға келгелі қамшының қарасын көруден қалдық қой. Болса үйіміздің қабырғасында ілулі тұр, болмаса ол да жоқ. Мен енді көргенімді айтайын.

Қайсыбір күні жұмыс барысында лауазымды азамат ауылдарды аралап, халықпен кездесетін болды. Менің қызметім суретке түсіріп, оны ақпараттандыру. Содан он адам әр көлікке жайғастық. Бізге тиесілі көлікке отырғаным сол еді алдыңғы панельде ұзыннан жатқан қара қамшыға көзім бірден түсті. Бойымдағы жыным шыққандай үнсіз отыра қалдым. Кәрі, сұсты қамшы. Түріне қарасаң талай жылқының жынын басқандай. Өрімі ерекше, ұстар сабы қызыл жыңғылдан жасалған. Жіңішке ағаштың бойындағы алақан іздерін қарап, иесінің сенімді қаруына айналғаны көрініп тұр. Кәдімгідей мысыңды басады.
Көлік жүргізушісі қырық шамасындағы епсекті жігіт екен, жәйлап әңгімеге тарттым. "Ағасы мынауыңыз жақсы дүние екен, сіздей қамшы салып жүрген адамды бірінші рет көруім" дедім. Менің осылай айтарымды сезді ме орнынан бір қозғалып, басындағы қара қалпағын шешті де қысқа шашын бір сипады. "Е-е, інім, бұл қамшыға құда түсіп, қолқа салып жүргендер көп" деді күле қарап. Біз отырған көлік білдей бір мекеменің қызмет көлігі екен. Ары-бері шабысы көп, өзі тынымсыз. "Жұмыста "анда бару керек" деп өзіңнен кіші әріптестердің бұйыра сөйлейтіні бар, солардың мысын басу үшін әдейі қойдым. Әйтпесе үлкенді сыйлау дегеннен қалып барады" деді ақтарыла. "Одан бөлек бөтен үйге барғанда арсылдаған иттерді сабасына түсіруге нағыз таптырмас қару" деді сөзін жалғап.
Рас-ау. Сөзінің жаны бар. Кезінде ата-бабамыз қамшыны жайдан-жай киелі санамаған ғой. Сөз бастарда қамшы тастап, үйден жын қашсын деп оны төрге ілген. Жалпы қамшы ер адамға мінез де қалыптастырады. Осыдан кейін біраз терең ойға қалдым. Бәлкім біздер жылқы мінбесек те қамшыны алып жүрсек ұлттық құндылығымызды көрсетпей ме? Одан бөлек қазақ жігітін қайсарландырып, рухтандырары сөзсіз ғой. Қазір сырғалы жігіттер көбейіп, ер мінезді жігіттер азайып бара жатқан заманға жеттік қой. Ал сіз не дейсіз көзі қарақты оқырман?

Ерсін СӘДУҰЛЫ
16 қаңтар 2021 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031