Мәслихаттар сайлауы
» » Этнолагерь - ұлттық тәрбие негізі

Этнолагерь - ұлттық тәрбие негізі


Жазғы демалыста оқушыларды ұлттық тәрбие тағылымымен сусындатып, құндылықтарды насихаттау мақсатында қүрылған этнолагерь жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде.

Осы орайда білім бөліміне қарасты №28 орта мектебі жазғы тынығу лагерінде демалушы оқушыларға қазақтың киіз үйін таныстырып, кереге, уық, шаңырақ, басқұр, тұмар, баулар, тағы басқа киіз үй жабдықтарын жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қыз балалар үшін киіз үйдің ішін әшекейлеу және тұрмыста қолдану үшін жасалатын қоржындардың түрлерін көрсетіп, ұлттық киімдерге шолу жасалса, ер балалар үшін жылқы малының қылынан жасалатын ши қамшы, қарапайым қамшы, 6 өрім қамшы түрлері таныстырылды.

Оқушылар зор ынтамен қатысып, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс салтының үлгісін өз көздерімен көрді.

05 маусым 2024 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10557)

24 қараша 2026 ж.

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 466
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 579

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30