» » ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

Отбасы – адамзат баласының ең қасиетті құндылығы, қоғамның негізгі тірегі. Ұлттың болашағы мен елдің тұрақтылығы отбасындағы тәрбие мен татулықтан бастау алады. Осы орайда отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық Отбасын қолдау орталығы мен аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесіне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері бірлесіп «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараға ардагерлер, әйелдер, ата-аналар кеңестері, «Әжелер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, пробация қызметінің мамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, медицина саласының өкілдері, дін қызметкерлері, құқық қорғау органдарының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
Басты мақсат – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтарға құқықтық және психологиялық қолдау көрсету.
Кездесу барысында сөз алған сала мамандары отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, қоғамдағы әйелдердің рөлі және құқықтық сауаттылық мәселелері жөнінде мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.
Құқық қорғау органының өкілдері тұрмыстық зорлықзомбылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, заң талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар пробация қызметінің мамандары құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамға бейімдеу және жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Тағылымды шарада Отбасын қолдау орталығының психологтары мен денсаулық сақтау саласының мамандары психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы айтып, қатысушылармен интерактивті жұмыс жүргізді. «Бір жылы сөз» тренингі арқылы қатысушылар өзара ізгі тілектерін білдіріп, отбасындағы мейірім мен қолдаудың құндылығын сезінді.
Сондай-ақ «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылып, қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адам құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта құру мәселелері кеңінен насихатталды.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Өйткені берекелі отбасы – баянды қоғамның, ал саналы ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.
Отбасы құндылықтарын ұлықтау жолындағы мұндай маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоғам игілігі үшін қызмет ете бермек.
Н.САЙЛАУОВА,
аудандық Отбасын қолдау орталығының психологі
14 маусым 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 830

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930