» » «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»

«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»


Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы мен полиция бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында отбасы құндылықтарын нығайтуға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға ардагерлер кеңесі, әжелер қоғамбық бірлестігі, әйелдер кеңесі, аналар кеңесі, ата-аналар комитеті, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дін өкілдері, психологтар мен қоғам белсенділері қатысып, отбасы институтын нығайту мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында отбасы татулығы, ұлттық тәрбие, әйелдердің қоғамдағы орны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық және психологиялық қолдау тақырыптары кеңінен қозғалды. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы тренингтер мен акциялар ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету тетіктерін таныстыру болды.
Отбасы – қоғамның іргетасы. Берекелі отбасы – тұрақты қоғамның кепілі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.
Берік отбасы – жарқын болашақтың негізі!

12 маусым 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930