Құрылтай
» » ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АУЫЛЫНДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АУЫЛЫНДА ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Тәйімбет Көмекбаев ауылында ақын Бекжан Сүлейменовтің «Ауылдың дәмі» және Имран Лепесов пен Қанжарбек Сұлтановтың «Ізетті іні, қадірлі құрдас» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Рухани мазмұны терең шараға аудан әкімінің тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып:

– Қай кезеңде болмасын туған жерін ұмытпай, елдің рухани өміріне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Бүгінгі кітаптардың жарық көруі ауданымыздың және ауылымыздың мерейі деп білеміз. Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Осындай еңбектер сол игі бастамалардың жүйелі көрінісі деп есептеймін, – деп атап өтті.

Сондай-ақ еліміздің руханиятына үлес қосып отырған асыл тұлғаларға аудан әкімінің «Құттықтауы» табысталды.

Шара аясында Ырзақұл Нұртаев пен Мұратбек Жиенбаев арнайы қатысып, ізгі тілектерін жеткізе отырып, Имран Лепесов пен Қанжарбек Сұлтановтың «Ізетті іні, қадірлі құрдас» атты кітабының тұсауын кесті.

Сондай-ақ ақын Бекжан Сүлейменовтің «Ауылдың дәмі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтіп, кітаптың лентасын Алмас Алматов пен Ырзақұл Нұртаев қиды.

Салтанатты жиында мектеп оқушылары ақын Бекжан Сүлейменовтің шығармаларынан өлеңдер оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, жырауларымыз өнер көрсетіп, ұлттық рухты дәріптейтін жыр-термелер орындады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

13 маусым 2026 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31