» » КІТАП ПЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

КІТАП ПЕН РУХАНИЯТ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Бүгін Шиелі ауданының “Руханият” орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты ашық аспан астында мәдени шара өтті.

Ашық аспан астындағы мәдени шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, кітап – адамзаттың рухани байлығының алтын қазығы, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын басты құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ ,аудан әкімінің орынбасары кітапханашылар қауымының еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдағы ағартушылық рөлі айрықша екенін жеткізді.

Сонымен қатар, салаға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шара аясында түрлі тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға кітап оқу мәдениетін дәріптейтін мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Ашық форматтағы шара оқырмандар мен кітапсүйер қауымның басын қосып, рухани үндестік алаңына айналды.

Сондай ақ, шара барысында «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, кітап пен руханиятты ұлықтауға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, партия атынан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
23 сәуір 2026 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 676

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031