» » «ҚОБЫЗШЫ ЕСАҚАЙ БАҚСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚОБЫЗШЫ ЕСАҚАЙ БАҚСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін «Руханият» орталығында ұстаз, ақын, аудармашы Жүсіпбек Батырханұлының «Қобызшы Есақай Бақсы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кеш шымылдығы халықтың жадында қобыздың киесін сақтап, емшілік пен руханиятты ұштастырған қобызшы Есақайдың өмірі мен еңбегі жайлы бейнематериалмен басталды.

Тұсаукесерге аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағамбетұлы, тұсауы кесілгелі отырған кітап авторы Жүсіпбек Батырханұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында кітаптың тұсауы кесіліп, домбыра үнімен өрілген рухани сәттер кештің мәнін арттырды. Жыраулар Байбол Көшеней мен Руслан Өтегенов Есақай бақсы туралы дастандарды жырлады.

Сондай-ақ зерттеуші Нұрман Рысбай, Қармақшы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Таңбаев, ақын Әбдіғаппар Айдаров естеліктерімен бөлісіп, кітаптың тарихи әрі тәрбиелік мәніне тоқталды.

Кештің мәнін айқындаған сәт – автордың өзі сөйлеген уақыты еді. Жүсіпбек Батырханұлы Есақай бақсы туралы зерттеуін тек өмірбаяндық еңбек емес, «халық жадындағы емшілік пен қобыздың киесін ұлықтауға арналған рухани дүние» деп сипаттады.
Сонымен қатар, мерекелік шараға жиналған қатысушыларға алғыс айтып, туындының жазылу тарихы мен рухани мұрасы туралы өз ойын бөлісті.

«Қобызшы Есақай Бақсы» кітабы – еліміздің руханиятына қосылған бағалы еңбек. Қобыз сарыны мен бақсылық дәстүрді жаңғыртқан бұл туынды жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

25 қазан 2025 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930