» » Ақынға құрмет: Дастан Нәзікбаевтың жаңа кітабының тұсаукесері рәсім өтті

Ақынға құрмет: Дастан Нәзікбаевтың жаңа кітабының тұсаукесері рәсім өтті

2 қараша күні аудандық мәдениет үйінде ақын, ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлының «Уақыт — әділ төреші» атты жаңа кітабының тұсаукесері және оның құрметті зейнетке шығару рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы қатысып, ақынның өнегелі өмір жолы мен білім саласының дамуына қосқан сүбелі үлесін атап өтті. Ол жаңа кітабының тұсаукесерімен құттықтап, Қармақшы ауданының ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттап, қазақы дәстүрге сәйкес иығына шапан жауып, ерекше сый-құрмет көрсетті.
Мерекелік шараға келген қонақтар сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіріп, жаңа кітаптың тұсауын кесті. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ақын шығармаларын орындап, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ақын - елдің ардағы" атты кітап көрмесі көрермендер назарына таныстырылды.
04 қараша 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930