» » Ауданда жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Ауданда жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбековтың қатысуымен Қармақшы ауданының құрметті азаматы, әдебиетші, сарабдал сыншы Сәпен Аңсатовтың 80 жылығы мерейтойы аясында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткізілген шарада аудан әкімі сөз алып, өз заманында өңіріміздің экономикасының өсіп – өркендеуіне, Қазақстанның еңбек сіңірген инженері және қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының және Қармақшы ауданының құрметті азаматы Аңсатов Сәпен Әбдіқадырұлының өлкенің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз екендігін айтып, сөзге жүйрік, қаламы қарымды қаламгер ретінде талғамы жоғары қабілетімен Сыр елінің мәдени –рухани саласын көтеруде зор табысқа жеткенін атап айтып өтті.

Өз кезегінде аудан басшысы Сәпен Әбдіқадырұлын ауданымыздың жоғары наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Шара барысында кітап авторымен «Жыраулар үйінің» директоры Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы сұхбат жүргізіп, аталмыш еңбегі жайындағы пікірлерін ортаға салды.

Осыдан кейін «Айтарым бар» кітабының тұсаукесер рәсіміне кезек берілді. Жаңа кітаптың көк лентасын аудан әкімі Мұса Оспанұлы мен Сәпен Әбдіқадырұлы кесті.

Сондай-ақ, аудан басшысы жаңа кітаптың тұсаукесерімен Сәпен Әбдіқадырұлын құттықтап, алдағы уақытта да жаңа кітаптардың жазылатындығына сенім білдірді.

Қармақшы ауданының баспасөз қызметі

26 қараша 2020 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930