» » ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ

ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 60 ЖЫЛ


Қармақшы ауданында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы ауылының құрылғанына 60 жыл толуына орай кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті. Ауылдың тарихын ұлықтайтын бұл мерейлі дата жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш пен мақтанышқа айналды.

Мерекелік шаралар аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың ардақты азаматы Қасым Жүсіпұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Өткенге құрмет – ұрпаққа өнеге» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Бұл кеште ардагердің өмір жолы мен ерліктері жайлы баяндалып, кейінгі ұрпаққа тағылым болатын маңызды деректер ұсынылды. Жергілікті тұрғындар ардагердің рухына тағзым етіп, оның ерлігіне құрмет көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шаралар легі аудандық ретро әндер байқауымен және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасты. Ауыл халқы мен қонақтары өнерпаздардың әндерін тыңдап, мерекелік көңіл-күйде кешті тамашалады. Концерт барысында елге танымал әншілер өнер көрсетіп, мерекенің шырайын ашты.

Дүбірлі тойдың екінші күнінде өткен негізгі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С. Смағұлов қатысып, барша жиналған жұртшылықты мерейлі мерейтоймен құттықтап, ауылдың негізі қаланған күннен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолына тоқталып өтті. Одан кейін, ауылдың дамуы мен гүлденуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Тәйімбет Көмекбаев ауылына 60 жыл» мерекелік медалін табыстап, қазақы дәстүрге сәйкес иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына үлес қосып жүрген қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Мерейтойға арнайы келген батырдың баласы Бағбан Тәйімбетов, еңбек ардагерлері Ә. Құлдүйсенов, С. Жолмаханов, С. Қоспаев, Ж. Смаилов, айтыскер ақын С. Ыдырысовтар құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Мерекелік іс-шаралар әрі қарай ат бәйгесімен және ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.

Тәйімбет Көмекбаев ауылының 60 жылдығы – ауылдың өткені мен бүгінін еске алып, болашаққа сеніммен қарауға негіз болған мерейлі күн. Бұл мереке ауылдың бірлігін, халқының ынтымағы мен татулығын көрсетті.

13 қазан 2024 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031