» » Жаңа туынды оқырманға жол тартты

Жаңа туынды оқырманға жол тартты

ӘРБІР ЕЛДІҢ, ӘРБІР АУЫЛДЫҢ БЕТКЕ ҰСТАР АЗАМАТТАРЫ МЕН АЗАМАТШАЛАРЫ БОЛАДЫ. ОЛ АДАМДАР ҚАЗІРГІДЕЙ КҮЙКІ ТІРЛІКТЕ КӨПТЕГЕН ІС ТЫНДЫРА ЖҮРІП, ҚОҒАМ ӨМІРІНЕН ДЕ ОЙЫП ОРЫН АЛА БІЛЕДІ. СОНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ – ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ ЗАРИПА ЖАППАРҚЫЗЫ.
Жақында Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйінде апайымыздың "Қаламнан өрген қазына" атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кеш шымылдығы Жиенбай жырау атындағы үйірме шәкірттерінің (жетекшісі Д.Тоқсанбаев) орындауындағы З.Жаппарқызының "Мейірім тұнған жүректе" атты өлең-термесімен ашылды.
Сахнада ауыл халқына, кітапсүйер оқырманға туған ауылында 38 жыл мектепте ұстаздық, басшылық қызмет етіп, шәкірт тәрбиесімен бірге тарихи зерттеу мақалалары мен өлеңдерін, педагогтық іс-тәжірибесінің озық үлгілерін қамтыған кітап мазмұнына кітапханашы Қ.Далдабаева шолу жасап, таныстырды. Сондай-ақ, мектеп ұжымы дайындаған "Ұстаз, ақын, ана" атты фотослайд көрсетілсе, кітапхананың тұрақты оқырмандары Т.Бәйменов, М.Мүсілімов, Ұ.Берманов ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Одан бөлек, жас ақындар Г.Қадырбекова, Б.Смайылұлы ұстаз, ақынға арнау оқып, көптің ықыласына бөленді.
Кеш қонағы аудандық "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторы, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі С.Райымбаева, ауыл әкімі М.Алдамұратов, "Тұрмағамбет" ЖШС маманы Н.Тұрмағамбетов, ауыл ағалары Т.Сарыбаев, Б.Пазлиев, Н.Зауытов, Н.Тайнаев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Ү.Өндібаева, мәдениет ардагері З.Кәрібаева, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Зібайраева, ұстаз Р.Алдамұратовалар кітап авторына игі құттықтауларын жеткізіп, жылы лебіздерін айтты.
Кеште кітаптың лентасын қию рәсімі болып, жас өнерпаздар Р.Бек­тасова, А.Бектасова, Т.Бәйменов, Б.Марха­батовалардың мерекелік концерті­мен жал­ғасты.
Сонымен, ақылына ақы сұрамайтын теңдессіз рухани құндылықтың тұсауы кесіліп, көпшілікке жол тартты. Кітап өз тарихи маңызымен, тың мазмұнымен оқырман жүрегін баурап алады деген ниеттеміз.
С.АҚКІСІ
10 наурыз 2022 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031