» » ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Жуырда Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде №109 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Қарлығаш Ермағамбетованың «Қасиетті қарашаңырағым – мектебім» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кешті мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдырбек Сәденов жүргізді.
Кітап 5 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім «Тарихы терең киелі ұя» деп аталады. Мұнда мектептің шежірелі тарихы сөз етіледі. «Алыста қалған жылдар, ұмытылмас жандар» бөлімінде автор мектеп тарихында елеулі еңбек еткен ұстаздар жайлы айтады. Үшінші «Кеше – шәкірт, бүгін – ұстаз» бөлімінде кезінде шәкірт болып, кейін келе ұстаздық жолға бет бұрған жандар жайлы және бақилық болған ұстаздар жайына тоқталады. Соңғы бөлімдерде мектептің тыныс-тіршілігі мен шәкірттердің жылы лебізі айтылады.
– Кітап естелік әңгіме түрінде жазылған. Мектептің 85 жылға жуық тарихынан сыр шертетін туындыда автор әріптес ұстаздары мен шәкірттері жайлы естеліктерді жинақтаған. Әр жылдағы мектептің ты­ныс-тіршілігін баяндайтын сурет­терді де топтастырған. Кітапта шәкірттердің жылы лебіздері мен ұстаздардың шығармашылығы  қалыс қалмаған. Ұрпақ тәр­биесіне ой саларлық өнегесі мен тағылымы мол естелік кітапты бізге сыйлағаныңыз үшін үлкен ризашылығымды білдіремін, – деді мектеп директоры Бақытбек Алмағанбетов.
Кеште сөз алған ауыл азаматы Орынбек Мұнарбаев ар­дагер ұстаз Қарлығаш Ермағам­бетованың зейнет­керлікке шық­са да көпшілік ортасынан табылып, мектептің шежіре тарихын қамтыған ұстаз еңбегіне алғысын жеткізді.
Кітаптың алғысөзінде ақ­ын Ибрагим Бекмаханов «Жүре­гімнің төріндегі бейнелер» және «Ғибратты ғұмыр» атты өлеңдерінде автордың бейнесін дәл жазған.
Шығарманың тұсаукесу лен­­­тасын О.Мұнарбаев, Б.Ал­мағанбетов және ауылдың кө­некөз қариясы Ы.Күшікбаевтар кесті.
Ардагер ұстаздың шәкірттері ыстық ықыласын білдірді.
Ауыл тұрғындары да ақ батасын беріп, мектеп ұжымына алғыс білдірді. Сөз соңында сөйлеген ардагер ұстаздар мектепте өткізген қызықты күндерін сағынышпен еске алды.
– Апай ауыл тарихына байланысты деректерді көп жинайтын. «Нияз молда», «Кенжалы би», «Нар тұлға»  кітаптарына өз үлесін қосқан. Шәкірті Гүлжанат Дүзеновамен бірге «Туған жер тұнған шежіре» атты ауыл тарихын жазды. Бұл еңбекке ауыл тұрғындары риза болып, оң бағасын берді, – дейді Алмагүл Жансейітова.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
24 мамыр 2019 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031