» » Ұстаз. Ана. Қаламгер

Ұстаз. Ана. Қаламгер


ЗАРИПА ТАСЫМОВА... ОСЫБIР АЯУЛЫ ЕСIММЕН АЛҒАШ РЕТ ҚАШАН ТАНЫС БОЛҒАНЫМ НАҚТЫ ЕСIМДЕ ҚАЛМАСА ДА, СОҢҒЫ ЕКІ ОНЖЫЛДЫҚТА РУХАНИ ТҰРҒЫДА ӘПКЕЛІ-СІҢЛIДЕЙМIЗ. МЕНI ТӘНТІ ЕТЕТІН ОНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ, АНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛIК ҮШ ҚАСИЕТІ.
Ол – қырық жылға жуық уақытын білім саласына арнаған ұлағатты Ұстаз. Оның жиырма екi жылын оку тәрбие iсiне арнаса, сегiз жылы мектеп директорлығымен байланысты. Бүгiнде ауыл тұрғындары ауылдың қадірмендi ұстазын халық қалаулысы етіп таңдаған.
Ел болашағының алтын кiлтi – жас ұрпақтың тәрбиесi мен бiлiмiнде. Олай болса, білікті басшының да білім саласындағы жетістігі – оның шығармашылық ізденiсiмен сабақтасып жататыны зандылық та. Бұл тұрғыда Зарипа Жаппарқызының ұзақ жылғы еңбегi ескерусiз емес. Ол ҚР Білім министрлiгiнiң «Құрмет грамотасымен», сондай-ақ ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге атсалысқаны үшiн «Алғыс хатымен» марапатталган.
Жеткіншектерді сапалы бiлiммен қоса, келешек ғылымға баулу да ұстаздың назарынан тыс қалып көрген емес. Себебі, мұғалiмнiң жұмысы – сабақ беруден бөлек, шәкірттерiн ғылым жолына мектеп қабырғасынан бастап даярлау. Ол үшiн педагогикалық ұжымның шеберлігі мен мол тәжiрибесiн iске асыру қажет. Ұжым басшысының iскерлiгi, ұйымдастырушылық қабілеті осындайда анық байқалады емес пе?! Соның бір дәлелі – 2017 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-практикалық қауымдастығы мен «Қазақстан Педагог­тарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы» ұйымдастырған республикалық «Үздік директор» бай­қауында Зарипа апайымыздың өз­ге әріптестерiнен дараланып шы­ғып, лауреат биігін бағындыруы – ауданымыздың ғана емес, Сыр елінің де мерейiн үстем етiп тастағандай едi. Кеудесiне жарқырата таққан «Үздiк директор» медалі осы саладағы қаншама әрiптесiне үлгі болып қана қоймай, ұстаздық парасатты жолда зор серпiлiс берген жайы бар.
Иә, әрбiр марапаттың астарында мамандыққа деген адалдық пен болашаққа деген жауапкершілік жататыны белгілі. Ұлағатты жанның тағы бiр елеулi марапаты – ел Тәуелсiздiгiнiң 29 жылдығы мерейтойы қарсаңында тапсырылған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлiгi жанындагы «Дарын» республикалық орталығы мен «Бiлiм өркениет» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі» атты байқауында Зарипа әпкемiздiң жеңiстi қолдан бермеуi де – нағыз өз iсiнiң шеберіне тән қасиет деп ұғамыз.
Ауыл тарихы мен елдi мекен шежiресi – тарих пәні мұғалімінің әрдайым қызығушылығын тудырған. Мектеп жанындагы өлкетану мұражайының жұмысын дамытып, оған қамқорлықпен қарауы бекер емес. Оның басты себебi де – жүзден аса жырау мен шайырдың Отаны атанған Тұрмағамбет ауылының бай да тағылымды тарихын көздің қарашығындай сақтап, рухания­тына қалтқысыз кызмет ету болып табылмақ.
Отанның, сондай-ақ отбасының бiрлiгi мен тыныштығы – елiмiздегi әрбір Ананың жүрегіндегі ақ тілеуі. Зарипа Жаппарқызының да бар тiлегі – осы бiрлiк пен береке десек артық айтпаймыз. Бұл ұғымдар ұлағатты ұстаздың туған ата-анасы мен ата-енесінен тараған тәлім мен тәрбиеде жатыр. Ұжымы мен жанұясындағы ауызбiрлiктi сақтау – оның өмірдегі, еңбектегі бас­ты ұстанымы. Алла қосқан жан жары Әнуарбек Мұқанбетқалиевпен өнегелі ұрпақ тәрбиелеумен қатар, ауылдың сыйлы да құрметтiсi атануда. Өсіп-өнген отбасының балалары бүгiнде әр салада қызмет етіп, елiмiздiң нығаюы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Әнуарбек ағамыз бас инженер, ауылдық округ әкімі, аудан әкімінің кеңесшісі секілді еңбек жолынан өткен азамат.
«Ана мұраты – шаңырағында бақыт шамын жарқырата жаға білу» деп түсінетін 3.Жаппарқызы өзiн бақытты аналардың қатарынан санайды.
Әпкеміздің келесі қыры – қаламгерлiгi. Жастайынан қолынан қаламын тастамай, жырға кұмартуы – оның елге, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін анық көрсеткендей. Тек қана өлең жазумен шектеліп қалмай, өмірден көргенi мен бiлгенiн, санаға түйгенiн де ақ қағазға түсiрiп, көптiң қажетiне жаратуы – Зарипа апайдың қаламнан қазына өрген ерекшелігін білуге болады. Әрбiр жылдағы жазылған жазбалары мен өлең-жырлары бір кітапқа жүк болғандай-ақ.
Мiне, сол келешек керегiне жарап қалар деген рухани қазына өз оқырмандарына жол тартып отыр. Бiрнеше бөлiмнен тұратын кітапта қаламгер өзі жайлы, Отан, ата-ана туралы ойларынан сыр шертеді. Мұндағы басты кейіпкерлер – ауылдың атпал азаматтары, ұстаздар тұрғысында да бірқатар мақала кітапта орын тапқан. Репрессия құрбандары, Ұлы Отан соғысының қасіреті мен майдангер жауынгерлердің ерлігі де қамтылып өткен. Әсiресе, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы кеңінен әңгімеленеді. Оқырманға ұсынылып отырған бұл кітапта ауылдан шыққан еңбек екпінділері мен озаттарының, өнер иелерінің үлгілі өмір жолдары да тыс қалмаған. Ал «Жыр жазамын жүрегiмнен» атты бөлiмiнде ақынның жыр-шумақтары топтастырылған. Онда жас жеткіншектерге, аға буын өкiлдерi мен балаларына арнаған арнау, өсиетi турасында өрбиді. Сөз соңында айтарымыз, кiтаптың жалпы оқырманға берер тәлімі мол!

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
15 ақпан 2022 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031