» » Үздік ұстаз – Зарипа

Үздік ұстаз – Зарипа

Кемел келешектің иесі, елді өрге сүйрер азамат тәрбиелеу ұстазға жүктелген аса жауапты міндет. Осындай үлкен мақсаттың үдесінен шығып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, білікті басшы Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің директоры – Зарипа Тасымова.

Ол үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен бастап мектеп басшысына дейінгі өнегелі баспалдақпен жүріп келеді. Зарипа Жаппарқызы – Тұрмағамбет ауылының тумасы. Орта мектепті аяқтаған соң, Абай атындағы педагогикалық институттың «тарих» факультетінде жоғары білім алады. Алғашқы еңбек жолы өзі түлеп ұшқан мекеннен басталған білікті ұстаз, 1991-2013 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, ал 2013 жылдан бері мектептің директоры болып абыройлы қызмет етіп келеді. Қазіргі білім саласындағы үздіксіз енгізіліп жатқан өзгерісті саналы қабылдап, ұстаздың шығармашыл әрекет етуіне басшының ықпалы зор. Шәкірт жүрегіне жол табумен қатар, үлкен ұжыммен тіл табысып, бір бағытта жұмыс істей алу үшін де шыдамдылық қажет. Бүгінде ұжымның айрандай ұйып, ынтымақта тірлік етуінің арқасында білім ордасы биіктен көрінуде. Зарипа Жаппарқызының болмысы ерекше. Бойындағы нәзіктігі мен ибалылығы, қайрат, жігер, мәдениеттілік пен ізеттілігі сарқылмайтын бұлақтай. Қай кезде де жымиған жүзі, жанға жылы дауысы, өзіне тән сөйлеу мәнері баурап тұрады.

– Әрбір адамның жүріп өткен жолы бір тарих. Адам тағдырына бір-ақ рет жазылатын осыбір дара жолды әркім әрқалай, әр деңгейде өткізеді. Менің де осындай ақ қанат арман жетегінде жүріп, бала күнімнен ұстаз болам деген арманыма бағыттаған Қуаныш Шадиева секілді өнегелі ұстаздарым көп болды. Осы кісілердің жақсы бағдар беруі өмірімдегі сәулелі, шұғылалы жолды көрсетуі мені ұстаздыққа баулыды. Бүгінде мен 37 жыл еңбек етіп отырмын. Осы жылдар ішінде қанша шәкіртті ұшырдым. Әрбірінің бір жұлдыз болуын, солардың жарқырауын тілеймін. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты» деген сөзі бар. Олай болса, әр істің қадірін білетін ұрпақ тәрбиелеу жауапкершілігі – менің алдыма қойған мақсатым. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түсер сәулесі, Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі» деп Абай атамыз айтқандай, мақсатым бала кеудесіне білім сәулесін түсіру. Әрбір шәкірттің биікке шыққаны менің әр күнгі жетістігім деп есептеймін. Д.Қонаевтың «Қанша биікке көтерілдім, ешқашан халықтан аласа екенімді ұмытқаным жоқ» деген сөзін өмірлік ұстаным ете отыра, әр баланың жүрек үнін тыңдай білуді парызым деп білемін, – дейді білікті басшы. 

Ұжымын өрге сүйреп, шәкіртін жетістікке жетелеген ұстаз – тәжірибелі педагог, тағылымы мол тәлімгер. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған, мамандығын ерекше сүйетін шығармашыл ұстаздың жетістігі көп-ақ. Сол марапаттар қоры биыл тағы да жүлдеге толуда. Оның бірі – «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен «Қа- зақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауда топ жарып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. «100 жаңа есім» төсбелгісін тағынып, еңбегі республикалық жинаққа енгізілді. Білім ордасына рухани демеу беріп, бағыт сілтеп, саналы өмірін бала тәрбиесіне арнап келе жатқан мектеп басшысы өзінің адами болмысымен, ақкөңіл, ашық-жарқын мінезімен, өзін де, өзгені де сыйлата білетін қарапайым қасиетімен көпке үлгі болуда. Ұлағатты ұстаз ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол екеніне сенеміз. Жақында аудандық мәсихат депутаттығына сайлануы – сөзіміздің бір дәлелі.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА


23 қаңтар 2021 ж. 993 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 131

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930