» » Әлеуметтік жауапкершілік – тұрақты қоғамның негізі

Әлеуметтік жауапкершілік – тұрақты қоғамның негізі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды қадам» акциясы аясында өңір кәсіпкерлері әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда.

Осы ретте «Абзал и К» ТС акция шеңберінде бірқатар қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай компанияның қолдауымен балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізіліп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Шараның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларға мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.

Сонымен қатар, «Абзал и К» ТС демеушілігімен Нағи Ілиясов ауылында дзюдодан балалар арасында XV республикалық турнир өткізілді. Аталған жарыс жас ұрпақты спортқа баулуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және тәртіп пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Бизнестің осындай әлеуметтік жауапкершілігі қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және қоғамдық игілікке үлес қосуға мүмкіндік береді.
11 маусым 2026 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031