» » Бар мейірім – балаларға

Бар мейірім – балаларға

Жақсылық жасау – имандылықтың, парасаттылықтың, тәрбиеліліктің, айқын көрінісі десек, «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Жаздың алғашқы күнінде тойланатын балалар мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі қызметкерлері «Бар мейіріміміз – балаларға» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мұндай игі іс жеке кәсіпкер Ж.Бұқпанованың демеушілігімен «Мәлике-Ана» балаларға арналған ойын- сауық кешенінде өткізілді.
Мерекелік іс-шарада бөлім басшысы Ғ.Ақжігітов, «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің меңгерушісі Ш.Әликеева, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев құттықтау сөз сөйлеп, қызмет алушылар мен ата-аналарына мереке күнінде жақсы тілектерін жеткізді.
Спорт бөлімінің қызметкерлері балалар арасында арқан тарту, тоғызқұмалақ, дойбы секілді спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырып, балалардың көңіл-күйлерін сергітіп, шабыттандырды. Сонымен қатар қызмет алушы балалар тақпақтарын айтып, би билеп, әдемі әндер шырқады.
– Балалар аңғалдығымен, бал қылығымен тәтті ғой. Тағдыры сынға алған ерекше балаларды қарап, тәрбиелеу, өнер үйретіп, өмірге бейімдеу аса жауапкершілік жүктеумен қатар, зор төзімді талап етеді. Балалардың бүгінгі іс-шарада мәз- мейрам болған күлкілерін, олардың қуанышын көріп, біз қуандық. Әрдайым балаларды қуантуға дайынбыз, – дейді кәсіпкер Ж.Бұқпанова.
Іс-шарада аудандағы жеке кәсіпкерлер мен бөлімше қызметкерлерінің демеушілігімен тәтті тағамдардан мерекелік дастарқан жайылып, балаларға сыйлықтар таратылды. Мерекелік іс-шара барысында қызмет алушылардың ата-аналарын да сөзге тарттық.
– Бүгінгі мереке перзентіме қатты ұнады, басталғалы бері езуін жимай күліп жүр. Бұл балалардың көңілі ақ, ойы таза, пейілі кең ғой. Әлеуметтік қызметкерлерге және демеушілерге аналық жүрегіммен риясыз рақметімді айтамын. Денсаулығында ақауы бар балаларды, ешбір азаматын назардан тыс қалдырмай, қамқорлығына алатын Отанымыздың, мемлекетіміздің барына шүкір, – деген Г.Мырзалиева балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік іс-шара соңында ата-аналар мен балалар естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты. Осындайда басқаға көмек қолын созуға дайын жандардың барын көріп, көңілге қуаныш ұялады.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
02 маусым 2024 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031