Құрылтай
» » «Балалар – біздің бақытымыз!» атты мерекелік іс-шарасы

«Балалар – біздің бақытымыз!» атты мерекелік іс-шарасы


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан әкімінің қолдауымен, Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараны Отбасын қолдау орталығының директоры А.Тулебеков ашып, балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ және жарқын болашақ тіледі.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың қоғамдағы орнының маңызды екенін сезіндіру, қамқорлық пен мейірімділікті насихаттау болды.
Мерекелік бағдарлама барысында балаларға қызықты ойындар ұйымдастырылып, көңілді кейіпкерлер өнер көрсетті. Шараға қатысқан балалар шаттыққа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің қолдауымен балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табысталып, олардың жүздеріне қуаныш ұялады. Ата-аналар мен қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Балалардың күлкісі мен қуанышы мерекенің басты көркіне айналып, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Әрбір бала бақытты балалық шаққа лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара мейірім мен ізгіліктің жарқын үлгісі болды.

03 маусым 2026 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 665
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31