» » ТӨРЕТАМДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ

ТӨРЕТАМДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТТІ


Жаңа жыл қарсаңында Төретам кентінде ерекше балалар үшін арнайы мерекелік шырша ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлаған мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, ізгі тілегін білдірді.

-Ата-ананың ең үлкен мерейі – баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты-білімді де, отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Алдағы жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Әрбір баланың болашағы жарқын, жолы ашық болсын,- деп мерейлі мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ кемел келешекке бастар балаларға естелік сыйлықтар да табысталып, мерекеге ерекше жылулық сыйлады.

Шара барысында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен қызықты ойындар өтті. Ертегі кейіпкерлерінің қойылымдары бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 желтоқсан 2025 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30