» » Шаттыққа толы шырша тойы

Шаттыққа толы шырша тойы

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға 100-ге жуық балғындар қатысты.
Балалардың қуанышына аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ортақтасып, бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде ең алдымен бүлдіршіндерді Мемлекет басшысы атынан және облыс әкімі атынан мерейлі мерекемен құттықтап, өзіндік ақжарма тілегін жеткізді.
-«Еліміздің жарқын болашағы, ата-аналарыңның бақыты мен қуанышы да өздерің. Сондықтан да, әрқашан, ата-аналарыңызды қуантыңыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар! Бүгінде жасампаз істердің барлығы сіздердің жарқын болашақтарыңыз үшін жасалуда. Келер жылда ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын»-деді аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов.
Салтанатты шара Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндердің ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салумен ұласты.
Шаттыққа толы шарада аудан әкімі атынан балаларға мерекелік сыйлықтар тарту етілсе, жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балауса балғындарды шат-шадыман көңіл-күйге бөледі.

28 желтоқсан 2022 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930