Жаңа жылдық шырша балаларға қуаныш сыйлады
ЖОСАЛЫ, 27 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қамқорлық» дағдарыс орталығында «Жарқыра, шаттықшыршасы!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті.

Шырша шамын жағуға жиналған оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.
Қызылорда облыстық Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алған бүлдіршіндер ертегілер еліне саяхаттады.
Департамент тарпынан «Қамқорлық» дағдарыс орталығының барлық балаларына жаңа жылдық мерекесіне арналған сыйлықтар табысталды.
Сонымен бірге, Департамент тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, оның ішінде төсек тартып жатқан балалардың отбасына барып жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, балаларға түрлі сыйлық сыйлады.
Шара соңында көңіл күйлері шаттыққа толы балалар мен аналары өз ризашылығын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді.