» » Шырша шамы жағылды

Шырша шамы жағылды

qarmaqshy-tany.kz Жаңа жыл – көпшілік асыға күтетін мерекенің бірі. Мереке қарсаңында Жаңа жылдың шы- райын келтіріп, келбетін айшықтай түсетін жасыл шыршаның орнатылуын жұртшылық асыға күтеді.
Сенбіде орталық алаңда Жаңа жыл мерекесінің шырайын келтіріп, айшықтай түсетін шырша шамын жағу рәсімі өтті. Орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары жаңа-жылдық шырша шамын жағу рәсімін тамашалады. Салтанатты рәсімде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтау сөз алып, ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Бүгiн баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның шамын жағып, мерекелiк шараларды бастауға жиналып отырмыз. Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке. Барыс жылы бірлік пен татулық сыналған айрықша жыл болды. Соның ішінде ауданымыз үшін ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен есте қал- ды, – деді аудан әкімі. Сондай-ақ, мерекелік кеште Аяз ата мен Ақшақар ән шырқап, ертегі кейіпкерлері би билеп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кешке келген кент тұрғындары мен қонақтар осылайша аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күйде тарқасты. Осылайша аудандағы шырша шамы жағылды. Барлық аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл- мен құттықтаймыз! Жыл жаңа табыстар мен жетістіктерге толы болғай!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 желтоқсан 2022 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930