» » Сыр елінде президент шыршасы тойланды

Сыр елінде президент шыршасы тойланды



Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша өтті. Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

«Сіздердің білімді де білікті азамат болып өсіп, Сыр өңірінің әлемге танылып, көркейіп-көріктенуіне үлес қосатындарыңызға сенемін. Сіздер жақсы оқып, білімді болсаңыздар, еліміз одан әрі көркейе түседі. Ол үшін бізге тек бірлік, ырыс-ынтымақ керек. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Жаңа жыл, өмірдің жаңа парақтары – жақсылықтардың бастауы болсын. Алға қарай ұмтылып, асуларды талмай бағындыра беріңіздер», - деді аймақ басшысы.

Шыршаға қатысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ерекше білім беруді қажет ететін, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта жетістіктерге жеткен 9-13 жас аралығындағы 200 оқушыға сыйлық табысталды.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балалар ертегілер еліне саяхаттады және Аяз ата, Ақшақармен бірге ән айтып, би биледі. Бұдан соң, жеткіншектер түскі мерекелік ас ішіп, облыс әкімдігі ғимаратымен танысты. Жаңа жылдық кештен керемет әсер алған қатысушылар мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

25 желтоқсан 2022 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930