» » АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Жаңа 2026 жыл – Жылқы жылы мерекесі қарсаңында «Руханият» орталығында ауданда дәстүрге айналған аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек жас өрендерді Жаңа жылмен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы жетістіктеріне ризашылығын білдірді.

-Біз «Бала - болашағымыз» - деп, әр баланың бақытты болуы үшін барлық игілікті қадамдарды іске асыруға дайынбыз. Сондықтан бүгінгі мерекелік шара, естелік сыйлықтар бәрі де сіздер үшін! Ұлағатты ұрпағымыздың лайықты өмір сүруіне, жақсы білім алуына жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз.Қорқыт атадан бастау алған киелі Қармақшы топырағында дүниеге келу бәрімізге үлкен мақтаныш! Сондықтан сіздердің білімді де білікті азамат болып өсіп, ауданымызды әлемге танытып, өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенемін.Алға қарай ұмтылып, асуларды талмай бағындыра беріңіздер,- деді аудан басшысы.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған қызықты ойындар, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар, көңілді ән-күй мен би өнерлері ұйымдастырылды. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шара соңында әрбір балаға аудан әкімінің атынан арнайы дайындалған жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930