» » САНАЛЫ ҰРПАҚ ЖОБАСЫ

САНАЛЫ ҰРПАҚ ЖОБАСЫ


Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейі базасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Саналы ұрпақ» жобасы аясында аудандық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында дебат турнирі өткізілді.

Турнирдің мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Іс-шараға Байқоңыр қаласы прокуратурасының прокуроры М.Серік, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова және аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев қатысып, дебатшылардың ойындарын тамашалады.

Турнир барысында қатысушылар заңға бағыну мәдениеті, құқықтық жауапкершілік, құмар ойындардың зияны және жастар тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тың ойлары мен дәлелді пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушылардың белсенділігі жоғары бағаланып, командаларға алғыс хаттар табысталды.

11 маусым 2026 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30