» » Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге Қармақшы аудандық Прокуратурасының прокуроры Сәду Әділет, Қармақшы аудандық «Отбасын қолдау орталығының» психологы Сайлауова Назгүл Бағдатқызы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкері Кетебаева Әмина, Қармақшы аудандық Ата-аналар Комитетінің төрағасы Әлиев Мағауия, Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын және білім беру саласының мамандары мен 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында ҚР.Прокуратурасының бастамасымен арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, адамгершілік құндылықтарына бағытталған әңгіме сұхбат өткізілді.
Өз кезегінде оқушылар кері байланыс жасап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу керектігі және жауапкершілік,адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін жеткізді.

14 қаңтар 2025 ж. 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031