» » Нашақорлық қоғам дерті

Нашақорлық қоғам дерті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық прокуратурасының бастамасымен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде есірткіге қарсы іс-қимыл жұмыстары аясында «Есірткісіз аймақ» жобасын жүзеге асыруда 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты-жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, психикаға белсенді кері әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу, оның зияндылығы туралы ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Кездесу барысында Қармақшы ауданы прокуратурасының аға прокуроры С.А.Абдулғазиз жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, нашақорлық және оның зияндылығы туралы түсіндірді.
Сонымен бірге Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, №105 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов жастар арасында есірткінің алдын алу бағыты бойынша пікірлерімен бөлісті.
Кездесуде жасөспірімдерге нашақорлық пен есірткі қолданудың зардабы туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.
27 қазан 2023 ж. 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 754
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 117

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 479

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930