Құрылтай
» » ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ


Оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында №85 мектепте «Заң және тәртіп: жаз мезгіліндегі қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қармақшы ауданы білім бөлімінің әдіскері А. Тоқшылықова, Байқоңыр прокуратурасының прокуроры Меруерт Серік Серікқызы, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев Бердібекұлы, Қармақшы аудандық СЭББ санитариялық-гигиеналық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Қалдыбекова Айгерім Оразбекқызы, Төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау капитаны Далдиев Қайнар Нақыпбекұлы қатысты.

Жиналыс барысында жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, санитариялық-гигиеналық талаптарды орындау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Мамандар Байқоңыр, Төретам, Ақай мектептерінің мектеп директорлары,тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,әлеуметтік педагогтары мен мектеп психологтары қатысып,пікірлерімен бөлісті. маңызды ақпараттар беріп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестермен бөлісті.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтық мәдениетін арттыруға зор ықпал етеді.

03 маусым 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31