» » ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары қаралып, аудандағы бірқатар ахуал талқыланды.

Аудан басшысы бұл бойынша:
–Адам өмірі мен денсаулығы ең басты құндылығымыз. Сондықтан барлық жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстап, тиісті жұмыстарды күшейту қажет, – деп атап өтті.

Мәжілісте аудан аумағындағы еңбек заңнамасының сақталып, басқа да орын алар мәселелердің алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов атап өтті.

Жиын барысында иесіз бұралқы иттер мен мысықтарды жансыздандыру жұмыстарын күшейту бойынша да бірқатар қатаң тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ алдағы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік рәміздердің қолданылуына қатысты заң талаптарының сақталуы қажет екені айтылып, аудан көлемінде мониторинг жұмыстарын жүргізу міндеттелді.

Жандос Еркінбек жауапты басшыларға көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

03 маусым 2026 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930