Конституция
» АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте ауданның бірқатар салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер қаралды.

Жиында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Нұржан Шәпи ақпараттық жұмыстардың жай-күйі, 2026 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бағытындағы жоспарлар, әлеуметтік жобалардың орындалуы және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ 2026 жылдың 1 мамырына дейінгі атқарылған жұмыстарды қорытындылап, аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан шаралар бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов атап өтсе, аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім беру саласының барлық деңгейі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен мектепке дейінгі тәрбие, орта білім сапасы, педагог кадрлардың біліктілігі және инфрақұрылымды дамыту бағыттарына тоқталды.

Мәжілісте аудан басшысы: «Жоспарланған міндеттер сапалы әрі уақытылы орындалуы қажет»,- деп осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Диас Молдабаевқа барлық бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде үйлестіруді және бекітілген көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

---
19 мамыр 2026 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031