» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледж директорының міндетін атқарушы Әбдікәрім Жұбатқанұлы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді атап өтті.

Екінші мәселе бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарының сақталуы туралы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Баймұратұлы баяндама жасаса, үшінші мәселе аясында №106 орта мектеп директоры Индира Жайнарқызы білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру, оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары жайында жан-жақты тақылады.

Жиын барысында Диас Молдабаев құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен ұйымдарға бірқатар тапсырмалар беріліп, оның орындалуы тұрақты бақылауда болатындығы ескертілді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 сәуір 2026 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 922
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930