» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, білім беру ұйымдарының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Ә. Жұбанышов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Әбдіқасов, сондай-ақ №183, №27, №30, №80, №99 мектеп директорлары баяндама жасап, өз салаларында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларын таныстырды.

Комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар беріп, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және оларды қауіпсіз ортада тәрбиелеу бағытында кешенді жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Комиссия төрағасы жиынды қорытындылап, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. Жауапты тұлғаларға белгіленген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.

Сонымен қатар, мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жол белгілерін орнату, сондай-ақ наркологиялық және пробация есебінде тұрған азаматтармен алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.
28 наурыз 2025 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 632
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031