» » БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ


Білім бөлімінің кезекті мәжілісі өтіп, оған білім бөлімінің әдіскерлері мен аудандағы мектептердің директорлары қатысты.

Білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлының төрағалығымен өткізілген жиында білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, білім сапасын арттыру барысы, тәрбие жұмыстарының тиімділігі және алдағы кезеңге қойылған міндеттер талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен өзекті мәселелерге назар аударылды.

Кеңейтілген мәжілісте ҰБТ-ны ұйымдастыру, «Алтын белгіге» үміткерлердің білім нәтижесін арттыру, ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 3 жылдық қорытындысы, 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы жан-жақты сараланды.

Сонымен қатар тәрбие бағыты да назардан тыс қалмады. Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жүргізілуі және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық –психологиялық сүйемелдеу қызметі туралы зерделенген жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ереже талаптарына сәйкес жүргізу қатаң тапсырды.

Білім бөлімі басшысы Берік Съездұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, тиісті шешім шығарды.
Жиын қорытындысымен бөлім басшысы нақты тапсырмалар беріп, орындалуы қатаң бақылауда болатын айтты.

15 қаңтар 2026 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930