» » БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕЗЕКТІ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның төрағалығымен білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде білім беру ұйымдарында «Bilim Class» платформасының жүргізілуі жайлы, қаңтар айында өткізілген ҰБТ –дің қорытындысын талдау, педагогтарды аттестаттау бойынша «Ұстаз» портфолиосының толтырылуы жайлы және жалпы аттестацияға байланысты өзгерістер туралы, 2024-2025 оқу жылында һөткізілген жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының аудандық,облыстық кезеңінің қорытындысы және өткізілу барысы жайлы, білім беру ұйымдарының ББЖМ, халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева күн тәртібіндегі көтерілген мәселелердің маңыздылығына арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға өзіндік талдау жасап, жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ, мәжілісте ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына басты назарға алуға тиісті тапсырмаларын жүктеді.

Сонымен қатар білім бөлімі басшысы алдағы келе жатқан ҰБТ науқанында оқушыларымыз- дың білім бәсекесінде бәсі биік болуын тілеп, баршасына сәттілік тіледі.

13 сәуір 2025 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031