» » Оқу жылының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

Оқу жылының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның басқаруымен 2023-2024 оқу жылының қорытындысы негізінде білім саласының өзекті мәселелері барысында кезекті кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары мен есепшілер және Байқоңыр қаласы мен Төретам және Ақай алыс елді мекендерінің мектеп директорлары ЗООМ платформасы арқылы онлайн қатысты.

Күн тәртібінде білім беру ұйымдары бойынша ҰБТ-ге және «Алтын белгіге»үміткерлердің дайындық жұмыстарының жүргізілу барысы мен 2023-2024 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестаттау жұмыстары, білім беру ұйымдарындағы жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа алу жұмыстарының есебі және мектептерде оқушылар үшін жасалынып жатқан жазғы демалыстың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі, мемлекеттік сатып алуға байланысты жұмыстар мен «Цифрлық ұстаз»жобасы туралы атқарылып жатқан жұмыстар барысы тыңдалды.

Талқыға түскен мәселелер барысына білім бөлімі басшысы арнайы тоқталып, жүргізілген жұмыстарға өзіндік талдау жасап, жан-жақты қарады.

Алқа мәжілісі соңында Гүлзира Мажитқызы баяндамашылар тарапынан ұсыныс ретінде айтылған мәселелерге шешім шығарып, білім беру ұйымдарының басшыларына жазғы оқушылардың демалысын тиімді әрі қызықты өткізуіне бар жағдай жасау керектігін және олардың өмір қауіпсіздігін басты назарда ұстауын қатаң тапсырды.

Сонымен қатар білім бөлімі басшысы алдағы келе жатқан ҰБТ науқанында оқушыларымыздың білім бәсекесінде бәсі биік болуын тілеп, баршасына сәттілік тіледі.

05 маусым 2024 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 273

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930