» » АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Жиында Үкімет басшысы және облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте қаралған екі негізгі мәселе – трансшекаралық хабтарды дамыту және қалдықтарды басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қозғалды.

Сондай-ақ ауданда атқарылатын «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының сапалы әрі тұрақты жүргізілуі қажет екені айтылып, барлық сала басшыларына бақылауды күшейту жүктелді.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі де қаралды. Осыған сәйкес аудан басшысы тиісті бөлімге баға мониторингін күшейтуді, заңнамаға сай бақылау шараларын жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселелері де назарда екені айтылып, аудан аумағындағы өрт кезеңіне дайындық, өрт сөндіру бекеттерінің жұмысын күшейту, техникалардың дайындығын тексеру жөнінде тапсырмалар берілді.

Мәжіліс соңында аудан әкімі алдағы атқарылатын жоспарларға тоқталып, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың, оның ішінде білім беру ошақтарының жай-күйі қатаң бақылауда болуын тапсырды.

«Халыққа қызмет ететін әрбір нысанның қауіпсіздігі мен жағдайы – менің жеке бақылауымда. Нысандарды өзім де тұрақты аралап отырамын», – деді Жандос Еркінбек.

Берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қараша 2025 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930